|
09.08.2020 | 22:48
1736

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді

«Қайран елім» әнінің музыкасын Ренат Ғайсин, сөзін Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір жазған

© Instagram / kudaibergenov.dimash

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» атты әнінің бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қайран елім» әнінің музыкасын Ренат Ғайсин, сөзін Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір жазған.

Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының режиссері болды.

«Достар, жақсы және жаман жаңалық бар. Мен өзімнің жаңа бейнебаянымның режиссері болдым. Бұл өнерді бағалайтындар үшін жаман жаңалық, әрине. Дегенмен жақсы жаңалығым да бар: мен жалғыз болмадым. Мені және көрермендерімді талантты қоюшы-оператор, режиссер және өте керемет адам – Азамат Дулатов құтқарып қалды» деп жазған болатын Instagram парақшасында.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

бейнебаян
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир