«Алматы кеші» бағдарламасы көрерменге жол тартты

Almaty.tv
Almaty.tv
Актер, халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев кештің тұсаукесер рәсіміне қатысып, көрермендерге ақ батасын берді

«Алматы» телеарнасынан «Алматы кеші» бағдарламасының алғашқы шығарылымы 6 маусымда көрерменге жол тартты.

Актер, халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев кештің тұсаукесер рәсіміне қатысып, көрермендерге ақ батасын берді.

Сондай-ақ, «Алматы аруы - 2020» Әсият Исембаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Медеу Арынбаев және  Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығының инфекциялық бөлімінің меңгерушісі Абзал Малбасқанов ток-шоудың алғашқы қонағы болды.

Ток-шоуға елімізге танымал әртістер, музыканттар, жазушылар, өнер қайраткерлері, спортшылар қонақ болып, көрерменнің көңіл сарайын ашады. Себебі бағдарламадан әсерлі әңгіме, астарлы әзіл, көтеріңкі көңіл-күй, қағытпа қалжың, қызықты оқиға  – бәрі-бәрі біздің ток-шоуда.  

Ток-шоу соңында музыкалық топ көрермендер үшін жанды дауыста ән салды.
 Алғашқы қонақ – әнші Медеу Арынбаев бағдарламаның ғұмырлы болуын тіледі.  
«Бағдарлама өте қызықты. Мен оның ғұмырлы болуын тілеймін. Ең бастысы ұйымдастырушылар халықтың қошеметіне ие болып, сол үшін күш-жігерін салса, сүйіспеншілікпен қарайтын болса, әрине ғұмырлы болады деп ойлаймын», – деді әнші.

«Алматы кеші» бағдарламасының толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.

Новости партнеров