|
15.06.2022 | 08:25
859

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды

Мексикадағы турнирде отандасымыз алдына жан салмады

Vesti.kz

Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Мексикадағы турнирде отандасымыз 73 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 306 (134+172) келімен алдына жан салмады.

Екінші орын өзбекстандық Диорбек Эрматовқа бұйырса, үздік үштікті Канададан келген Брайан Ибаньес Герреро түйіндеді.  

Еске салайық, осыған дейін Ерасыл Сәулебеков (67 келі) әлем чемпионы атанса, Ерасыл Омаров (55 келі) пен Александра Беленко (40 келі) турнирдің қола жүлдесімен марапатталды. Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі маусым айының 18 дейін жалғасады.

Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир