|
02.08.2021 | 08:59
923

Конор Макгрегор арбада отырып жекпе-жекке шықпақ

Айқас стандартты бокс ережесіне сай өтеді

Фото: ашық дереккөзден

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор мүгедек арбасында ирландиялық пародист Эль Форанмен жекпе-жек өткізбек. Арбаға таңылған мүгедек сықақшы Стиво Тимоти 11 қыркүйек күні Ирландияда өтетін бокс кешін ұйымдастырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Кештің негізгі айқасында Стиво Тимотидің өзі өнер көрсетеді, тағы бір маңызды жекпе-жек Форан мен Макгрегор арасында болмақ. Айқас стандартты бокс ережесіне сай өтеді. Кештен түсетін барлық қаражат Ирландияның арбаға таңылған мүгедектер ұйымына табысталады. Еске сала кетсек, 10 шілде күні UFC 264 аралас жекпе-жек турнирі өтті. Оның басты жекпе-жегі Макгрегор мен америкалық Дастин Порье арасында болды. Макгрегор аяғын сындырып алғаннан кейін АҚШ өкілі бірінші раундта жеңіске жетті. 

Бұл Макгреордың Порьемен үшінші айқасы болған. 2021 жылдың қыркүйегінде болған бірінші жекпе-жекте ирландиялық америкалықтың бірінші раундта жеңген. 2021 жылдың қаңтарында өткен екінші айқаста Дастин Конорды екінші раундта нокауқа жығып, реванш алған.

Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир