|
26.11.2022 | 10:51
3446

ӘЧ-2022: Аргентина алғашқы ұпайына қол жеткізе ала ма

Аргентина Мексика құрамасымен кездеседі

news.sportbox.ru

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының жетінші ойын күнінде, 26 қарашада С тобында екінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алғашқы кездесу елорда уақытымен 19:00-де Польша мен Сауд Арабиясы құрамалары арасында болады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу Эр-Райян қаласындағы 44667 жанкүйерге арналған «Эдьюкейшн Сити» стадионында өтпек. Бас төреші - бразилиялық Вилтон Сампайо. Оған отандастары - Бруно Бошилия мен Бруно Пирес көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - перулік Кевин Ортега.

Екі құрама бұған дейін төрт мәрте шеберлік байқасты. Барлығында польшалық футболшылардың мерейі үстем болды.

Алғашқы турда Польша Мексикамен 0:0 есебімен тең ойнаса, Сауд Арабиясы Аргентинаны 2:1 есебімен сүріндірді.

Кездесуде поляк футболшылары үшін жеңіс өте қажет. Олай болмаған жағдайда жарысты жалғастыру мүмкіндігі қиындай түседі. Әлем футболының жұлдызы Роберт Левандовски бастаған құрама сол сенімді ақтауға барынша күш салады. Ал Сауд Арабиясы жеңісті жолды жалғастыруға тырысады. Алғашқы турдағы жеңіс тектен текке келмегенін көрсетпек.

Аталған топтағы Аргентина мен Мексика кездесуі «Qazaqstan», «Qazsport» телеарналарынан елорда уақытымен 01:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Лусаил қаласындағы 88966 адам сыятын «Лусаил Айконик» стадионында өтеді.

Бас төреші - италиялық Даниэле Орсато. Оған отандастары Чиро Карбоне мен Алессандро Джаллатини көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - румыниялық Иштван Ковач.

Екі құрама бұған дейін 32 мәрте кездесті. Оның 16-сында аргентиналық футболшылар, 4-інде Мексика құрамасы жеңіске жетсе, қалғаны тең нәтижемен аяқталды.

Екі құрама үшін де жеңіс қажет. Аргентина тең түсіп немесе жеңілген жағдайда жарысты жалғастыру мүмкіндігін қиындата түседі. Мексикалықтар да ұпай қорын толықтыруға тырысатыны анық.

Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир