|
18.05.2020 | 11:04
1577

Жансая Әбдімәлік FIDE Online Steinitz Memorial жарысында 2-орынға көтерілді

Ұпай саны 7,5 болған Жансая Әбдімәлік Костенюк және Тань Чжонъимен бірге екінші орында тұр

inform.kz

Қазақстандық Жансая Әбдімәлік шахматтан әлемнің бірінші чемпионы атанған Вильгельм Стейницті еске алуға арналған блиц-шахматтан FIDE Online Steinitz Memorial 2020 онлайн-жарысының екінші ойын күніндегі партияларын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жансая өткізілген алты партияның ішінде қытайлық Лэй Тинцзе мен Тань Чжонъи, Болгария спортшысы Антоанета Стефанова, ресейлік Александра Костенюк және франциялық Мари Себагты жеңіп, бес рет үздік атанды. 8-жарыста 20 жастағы қазақстандық шахматшы екінші күннің қорытындысы бойынша жарыстың әйелдер арасындағы тізімінде 8 ұпаймен алда тұрған Ресей спортшысы Екатерина Лагнодан ұтылды. Ұпай саны 7,5 болған Жансая Әбдімәлік Костенюк және Тань Чжонъимен бірге екінші орында тұр.


Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир