|
18.07.2019 | 12:56
1326

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болмайды: «Канело» мәлімдеме жасады

Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі 14 қыркүйек күні өтуі тиіс болатын

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) командасының қыркүйектегі кездесуден бас тартуына қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мексикалық ретінде мамыр және қыркүйек айларында елімнің намысын қорғау мен үшін зор жауапкершілік. Алайда бірнеше салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы ретінде бәсекелестікке толы «әдемі» жекпе-жек өткізу де менің міндетім. Сондықтан Golden Boy мен менің командам кездесу күнін шегеруді шешті. Бұл жанкүйерлерге деген құрмет. Біз үздік қарсыласпен үздік жекпе-жек көрсеткіміз келеді», - деді «Канело».

Еске сала кетсек, Сауль Альварес 14 қыркүйек күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші кездесуін өткізуі тиіс болатын. Бірінші жекпе-жекте екі боксшы да тең түсті. Бұл жанкүйерлер наразылығын тудырған болатын. Ал екінші кездесуде жеңіс мексикалыққа берілді.

Сауль «Канело» Альварес Головкинмен жекпе-жектен бас тартты.

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварестің келесі кездесуі 2019 жылдың соңына дейін өткізілетінін айтты. Алайда қарсыласы әлі белгісіз.

«Канело» рингке осы жылдың соңында қайта оралады. Біз қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз», - деді Гомес ESPN-ге берген сұқбатында.

Боксшының өкілі жекпе-жекті шегеруге «Канелоның» бұрынғы жарақаты себеп болды деген ақпаратты жоққа шығарды.


Дереккөзі: Sputnik.


Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир