|
12.12.2019 | 14:49
1687

Қазақстандық әнші әрі боксшының келесі жекпе-жегі кіммен өтетіні белгілі болды

Бокс кеші Мәскеуде өтеді

14 желтоқсанда Мәскеуде Shamo Boxing промоутерлік компаниясының "Дерись и побеждай" атты кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл кеште қазақстандық боксшылар да жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір (6-0, 6 КО) малавилік Мусса Аджибумен (28-14-5, 24 КО) жекпе-жекке шығады. Бұл кездесуде IBA Asia белбеуі сарапқа салынады.

"Ассалаумағалейкум, ағайын! Алла жазса IBA ASIA тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағына жұдырықтасуға бел байладым! Қарсыласым 47 жекпе-жектің 28-ін жеңген тәжірибелі боксшы екен. Алла жазса Алаш баласы намысқа шабады. Тілектес халқыма Алла разы болсын", - деп жазды Ибрагим Ескендір Instagram желісіндегі парақшасында.  

Сонымен қатар, осы кеште шаршы алаңға ауыр салмақта жұдырықтасатын Уалихан Бисенқұлов (9-1, 9 КО) ресейлік Иван Арацкийге (0-3) қарсы шығады. 19 жастағы Лаура Есенкелді (0-1) кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Елена Выстропова болады.

View this post on Instagram

Ассалаумағалейкум, ағайын! Алла жазса IBA ASIA тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағына жұдырықтасуға бел байладым! Қарсыласым 47 жекпе-жектің 28-ін жеңген тәжірибелі боксшы екен. Алла жазса Алаш баласы намысқа шабады

Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

бокс жекпе-жек
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир