|
22.05.2020 | 14:52
1522

WBC басшысы Майк Тайсонды рейтингке қосуға дайын

Ол туралы кәсіби бокс әлеміндегі беделді 4 ұйымның жетекшісі «Вoxingscene» басылымына берген сұхбатында айтқан

Майк Тайсон. Фото twitter.com

WBC басшысы Майк Тайсон кәсіби рингке қайта оралғаннан кейін оны рейтингке қосуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді аты әлемге мәшһүр, бұрынғы ең ауыр салмақтағы әлем чемпионы егде жастағы чемпион болуға мүмкіндік алмақ. Ол туралы кәсіби бокс әлеміндегі беделді 4 ұйымның жетекшісі «Вoxingscene» басылымына берген сұхбатында айтқан. 

«Майк Тайсон – керемет адам, бұл аңызға айналған тұлға. Ол спорт және WBC шыңы. Ол әлі де кез келген боксшыны бір соққымен сұлата алады. Сондықтан біз оны қолдаймыз. Егер көрмелік жекпе-жек туралы айтатын болсақ, ол бір мәселе. Ал, ол шаршы алаңға қайтып келемін десе, оған лицензия алу қажет болады. Оның арманын орындамау қастандық. Сондықтан рейтинг бойынша орын алуды армандаса, оны қолдаймын. Мен оған WBС нұсқасы бойынша рейтингте орын беремін», –  деген WBC басшысы.


Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир