|
11.05.2022 | 15:21
540

Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алды

Былтыр 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған

Фото дереккөзден

Математикадан Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 2 күміс және 4 қола жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі БҒМ сілтеме жасап.

Осылайша, елдің ұлттық құрамасы алдыңғы жылдың нәтижелерін жоғары деңгейге көтерді. Яғни 2021 жылға қарағанда ел қоржынына бір медаль артық түсті. Зияткерлік жарыстар 4-9 мамыр аралығында Ларнака қаласында (Кипр) офлайн форматта өтті. Осы жылы олимпиадаға 16 елден 100-ге жуық оқушы қатысты. Олардың қатарында Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Греция, Молдова Республикасы, Черногория Республикасы, Румыния, Сербия және т.б. бар.

«Жыл сайын сайысқа 6 адамнан құралған Қазақстан құрамасы қатысады. Биыл ел намысын Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Атырау және Ақтау қалаларының оқушылары қорғады. Сайыста балалар математикадан олимпиада тапсырмаларын өте қысқа мерзімде шешуі керек болды. Бұған дейін Балалар жылы аясында дарынды оқушыларды қолдау мақсатында республика көлемінде түрлі деңгейдегі олимпиадаларды өткізген болатынбыз. Олимпиаданы өткізу процесі автоматтандырылды. Бұл олимпиадаларды аудандық деңгейден республикалық деңгейге дейін барынша ашық және транспарентті өткізуге мүмкіндік берді. Балқан олимпиадасы дайындықтың тиімді әдісі және оның оқушыларымызға негізгі халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындалуға көмектесетінін атап өткім келеді», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.

Айта кетейік, былтыр қазақстандық оқушылар 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

жеңімпаз
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир