|
15.03.2019 | 16:49
1205

«Өзін-өзі шыңдаған боксшы»: Рамзан Қадыров Головкинді ерекше құрметтейтінін айтты

Шешенстанның мемлекет басшысы Қазақстанда спорттың қарыштап дамып келе жатқанын атап өтті

sputniknews.kz

Шешенстанның мемлекет басшысы Рамзан Қадыров Қазақстан президентінің телерадиокешеніне берген сұхбатында Геннадий Головкинді ерекше құрметтейтінін айтты. Сұхбаттың видеосы телерадиокешеннің Instagram парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Sputnik.

«Бала кезімнен боксты жақсы көремін. Мен үшін ең мықты әрі дарынды спортшы, өзім ерекше құрметтейтін жан. Адам тектен-тек ешқандай жетістікке жетпейді. Сіздердің боксшыларыңыз – әлем чемпионы. Ол өзін-өзі шыңдап, осы деңгейге жетті», - деді Қадыров Головкин туралы.

Шешенстан елінің басшысы айтқандай, спортта биік белесті бағындыру бапкерге немесе басқа біреуге емес, адамның тікелей өзіне байланысты. Спортшы барын салып жаттықса, кез келген асуды алады, дейді Қадыров.

Сонымен бірге ол Қазақстанда дзюдо күресінің де ерекше қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

«Сіздерде бокс қана емес, дзюдо да жақсы дамып келеді. Спортшыларымыз жиі кезігеді. Жеңіп те, жеңіліп те жүрміз. Сондықтан сіздерде спорттың қарыштап дамып келе жатқанын сырттай бақылап, спортшыларыңыз үшін қуанамыз», - деп Шешенстан басшысы жылы лебізін білдірді.

Айта кетсек, қазір бүкіл әлем, әсіресе бокс фанаттары Қазақстанның атақты боксшысы Геннадий Головкиннің кәсіби рингке қайтып оралуын асыға күтіп жүр. Бұған дейін GGG-дің едәуір ықтимал қарсыласы ретінде WBO чемпионы Деметриус Андраденің аты аталған болатын.


Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир