|
15.07.2019 | 17:25
2646

Алматыда әмбебап жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты өтті

120-ға жуық спортшы қатысқан шара ауған соғысының батыры Сергей Заколодяжныйды еске алуға арналды

Еліміздің әр өңірінен келген 16-17 жастағы өрендер өзара күш сынасты. 120-ға жуық спортшы қатысқан шара ауған соғысының батыры Сергей Заколодяжныйды еске алуға арналды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда жауынгерлік тәсілдер көбірек қолданылады. Сондықтан спортшылар әмбебап болуы керек. Сонымен қатар, әскер қатарына баратын бозбалалар үшін де мұндай жарыс таптырмас дайындық болады дейді, аталған спорт федерациясының президенті Бақытбек Смағұл.

«Ауған соғысының ардагерлері – жастарды тәрбиелейтін өмір мектебі. Олар өздерінің өмір тарихтары арқылы Тәуелсіздіктің бағасын білуге шақырады», – дейді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әмбебап жекпе-жек федерациясының президенті Бақытбек СМАҒҰЛ.

Жарыс жеңімпаздарына медальдар мен мақтау қағаздары табысталды. Сонымен қатар, бас жүлде алған жеткіншектер спорт шебері атағына ие болады. Биыл алтыншы рет өткізіліп отырған шара бұдан былай еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын таппақ.

Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир