|
15.07.2019 | 20:23
1434

Универсиададан олжалы оралған спортшыларға 70 мың АҚШ доллары бөлінді

Италияның Неаполь қаласында өткен сайысқа 118 елінен 6000-ға жуық студент қатысты

Биылғы жазғы универсиададан олжары оралған спортшылармызға мемлекет 70 мың АҚШ долларын беретін болды. Ал бапкерлерін қоса есептегенде, марапатқа Республикалық бюджеттен 140 мың доллар кетеді. Теңгеге шаққанда бұл - 53 миллион 792 мың, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Додадан бірінші орын алған спортшыға 15 мың доллар табыс етіледі. Ал екінші орынға – 10 мың, үшінші орынға 5 мың доллардан беріледі. Дәл осындай сома спортшының бапкерлеріне де беріледі.

Естеріңізде болса, универиада осы айдың 3-14 аралығында сайыс Италияның Неаполь қаласында ұйымдастырылған еді. Оған әлемнің 118 елінен 6000-ға жуық студент қатысқан. Жеті медаль еншілеген Қазақстан жалпыкомандалық есепте 25-орынға ие болды.  Бас-аяғы команда сапында 94 спортшы бақ сынасты. Құраманың жалғыз алтын медалін дзюдошы Ғалымжан Қырықбай жеңіп алды.


Жеңіс үшін марапат (спортшы мен бапкерге бірдей беріледі)

1 орын – 15 мың доллар

2 орын – 10 мың доллар

3-орын – 5 мың доллар

Жалпы сыйақы көлемі – 140 мың долллар – 53 миллион 792 мың теңге


Италияда өткен универсиада нәтижесі:

Жарысқа 118 ел қатысты

Қазақстан – 7 медаль алды

Алтын медаль – дзюдошы Ғалымжан Қырықбай

Күміс медаль – гимнаст Нариман Құрбанов пен Милад Карими, жеңіл атлет – Михаил Литвин, таеквондошы – Смайыл Дүйсебай, стендтік ату  – Зоя Кравченко.


Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций компания 1XBET! дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении 1XBET!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир