|
24.06.2022 | 10:31
1351

Әуе билеттері қымбаттауы мүмкін

Бұл туралы әуе сарапшылары айтты

Фото: ашық дереккөзден

Еуроодақтағы, тіпті бүкіл әлем бойынша әуе билеттері кем дегенде 16 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы әуе сарапшылары айтты. Олар мұны Еуропалық комиссияның шығарындыларды азайту жөніндегі ұсынысына байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Әңгіме Fit for деп аталатын Еуропалық комиссияның шаралар пакеті туралы болып отыр. Ол парниктік газдар шығарындыларын келесі сегіз жыл ішінде 1990 жылғы деңгейден кем дегенде 55 пайызға азайтуға бағытталған. Ұсынысты ACI Europe әуежайлар қауымдастығы сынап тастады және олар ұсынылған барлық шара рейстерге "олардың әсерін жан-жақты бағаламай" жарияланды деп мәлімдеді.

"ЕО ұсыныстары тарифтердің айтарлықтай өсуіне әкеледі", - деп ескертеді әуе сарапшылары.

Нәтижесінде туристер жаңа соққыға тап болады, өйткені әуе билеттерінің бағасы көтеріледі. ЕО-ның зиянды шығарындыларды азайту схемасы 2030 жылға қарай ұшу құнының орташа есеппен 16 пайызға өсуіне әкелуі мүмкін, дейді олар.

Сонымен қатар Испания, Грекия және Италия сияқты танымал бағыттар ең көп зардап шеккендердің қатарында болады. Туристік қызметтерге сұраныс болжамды 11 пайызға төмендейді, дейді зерттеушілер. Аймақаралық тасымалдау да зардап шегеді. Жалпы, ACI Europe бас директоры Оливье Янковецтің айтуынша, Еуропалық комиссияның ұсынысы "жағымсыз және күтпеген салдарға" қауіп төндіреді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир