|
13.11.2019 | 11:24
1237

Елімізде жыл соңына дейін 200 шақырымнан астам автожол ашылмақ

Бүгінде Қазақстан автожолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды

Қазақстанда жыл соңына дейін шетелдік компаниялармен бірлесіп 200 шақырымнан астам автожол ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта үкіметтік займдар есебінен шетелдік компаниялармен бірлескен 7 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – «Күрті – Бурылбайтал», «Ұзынағаш – Отар», «Шымкент – Жамбыл», «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түркіменстан Республикасының шекарасы», «Ақтөбе – Атырау– Астрахань», «Балқаш – Бурылбайтал» автомобиль жолдары. Барлық жұмыстар 2022 жылы толық аяқталады деп көзделген. Жалпы  осы жылы 850 шақырым жол немесе 23 нысан 101 млрд теңгеге қаржыландырылып, құрылыс және қайта жөндеу жұмыстарымен қамтылған.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан автожолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар – 24 мың километр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир