|
14.11.2019 | 16:09
2980

Жол қозғалысын ұйымдастырудың бірыңғай орталығы құрылуы мүмкін

Биыл Нұр-Сұлтанда 469 жол апаты тіркеліп, 29 адам қаза тапқан

Биылғы жылдың 10 айында Нұр-Сұлтанда 469 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 29 адам қаза тапқан. 590 адам жарақат алыпты. Жол апаттарының көбеюіне тәртіп сақшылары алаңдаушылық танытып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Статистиканы жақсарту үшін олар жол қозғалысын ұйымдастыру және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шетел мегаполистерінің оң тәжірибесін қолданып көрмек.

Сондай-ақ елордада жолдардың өткізу қабілетін арттыру бойынша бірқатар шаралар ұсынылады. Еліміздің ішкі істер министрлігі жоғары технологияларды қолдана отырып, Жол қозғалысын ұйымдастырудың бірыңғай орталығын құру қажеттілігі туындап отырғанын да мәлімдеді. Мұндай ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі таратты.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир