|
20.09.2022 | 18:07
798

Жол сапасын бақылушылар студенттерге ашық есік күнін өткізді

Оларға зертхана жұмысының ішкі тәртібі мен ережелі толық түсіндірілді

Almaty.tv

Болашақ жол мамандары «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Алматы қалалық филиалының жұмысымен танысты., деп хабарлайды Almaty.tv.

Автомобиль-жол колледжінің 1 курс студенттері үшін Алматыдағы ұлттық сапа орталығы ашық есік күнін өткізді. Болашақта жол маманы болуды көздейтін жастарды орталық директоры Мәулен Әліпов өзі бастап алып жүрді. Студенттерге сынамалар қалай алынатыны, зертхана жұмысының ішкі тәртібі мен ережелі толық түсіндірілді. Филиал директоры жастарға тәлім болар әңгімелерін айтып, ақыл-кеңесін де аямады. Мәулен Тоқтарбайұлының айтуынша, студенттер үшін теориялық біліммен қатар, практикалық жұмыстар да өте маңызды.

Ал зертхана жұмысымен мұқият танысқан жастар бұл мамандықты қалай таңдағандарын айтып берді. Студенттердің бірі Даниил Лоц әкесі де, ағасы да жол саласында жұмыс істейтінін мақтанышпен айтты.

«Менің ағам қазір мен білім алып жатқан колледжде оқыған. Қазір жол жөндеу саласында жетекші маман. Сол себепті мамандық таңдауыма ағам ықпал етті. Өзіме де ұнайды. Ұзақ ойланып, басқа оқу орындарын араламадым. Оқуды аяқтап жол саласында еңбек етсем деймін», - дейді колледж студенті.

«Ашық есік» күніне қатысқан студенттердің көбі мектепте жүргенде жол маманы болуды анықтап қойыпты. Себебі кәсіби бағдар беру үшін ұлттық сапа орталығының қызметкерлері мектептерді аралап, жол саласы туралы ақпарат та берген. Филиал жұмысы туралы толық мәлімет алған жастардың арманы - еліміздегі жол сапасын одан ары жақсарту.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир