|
20.05.2022 | 18:25
901

Биыл Алматыда 224 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр

Оның ішіне 19 магистральды жолы да кіреді

Almaty.tv

Биыл Алматыда ұзындығы 221 шақырым болатын 224 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның ішіне 56 шақырым болатын қаланың 19 магистральды жолы да кіреді. Сонымен қатар, Ақжар шағынауданында 48 шақырым жаңа жол салу жоспарланған. Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов 2025 жылға қарай қаланың жолдарын 95%-ға дейін жақсарту қолға алынбақ дейді.

«Әлі аяқталмаған Қайрат, Әлмерек, Алғабас шағынауданындағы жолдар құрылысын ары қарай жалғастырып жатырмыз. Қазір Ақжар шағынауданында жұмыстар басталды. Қазір экспертизадан Шұғыла шағынауданындағы жолдарды жөндеу жобасы шығады деп отырмыз. Ол жерде де осы жылы жұмыстар басталады», – деді қалалық мобилділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир