|
26.04.2022 | 11:13
850

Алматыдан Түркияның Бодрум қаласына рейстер қайта ашылды

Билеттерді брондау әуекомпанияның ресми сайтында, сондай-ақ агрегаторларда қолжетімді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық әуетасымалдаушы 27 мамырдан бастап Бодрумға тікелей ұшуды жаңартады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстер Алматыдан аптасына екі рет - сейсенбі және жұма күндері орындалатын болады. Билеттерді брондау әуекомпанияның ресми сайтында, сондай-ақ агрегаторларда қолжетімді.

Түркияға келген 12 жастан асқан барлық жолаушы мына құжаттардың бірін ұсынуы керек:

ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама (сынаманы алған сәттен бастап Қазақстаннан рейстің жоспарланған ұшу уақытына дейін 72 сағаттан аспаған) қағаз немесе электрон нұсқада ағылшын немесе түрік тілінде;

соңғы 48 сағат ішінде жасалған антигенге жедел тест;

Түркияда бекітілген (Pfizer, Sputnik V, CoronaVac, Astra Zeneca, CanSino, Biologics, Johnson&johnson, Moderna, Novavax, Sinopharm, Sinovac) немесе ДДСҰ бекіткен (Pfizer, Sputnik V, SinoVac, Moderma, Johnson&johnson, AstraZeneca, CoviShield, Sinopharm) препаратымен вакциналаудың толық курсын өткенін растайтын вакцина сертификаты немесе паспорты қажет. Вакцина Түркияға келгенге дейін кем дегенде 14 күн бұрын алынуы керек. Вакцина паспортында вакциналау туралы мәліметтер ағылшын тілінде болуы керек.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир