|
25.02.2022 | 11:20
703

Таиланд наурыздан бастап туристер үшін ережелерді жеңілдетеді

Вакцина алған шетелдіктер келгеннен кейінгі бесінші күні ПТР-тестін тапсыруға міндетті емес

Фото: ашық дереккөзден

Таиланд билігі 1 наурыздан бастап Test & Go бағдарламасы бойынша халықаралық туристерге кіру ережелерін жеңілдетеді. Осы күннен бастап вакцина алған шетелдіктер келгеннен кейінгі бесінші күні ПТР-тестін тапсыруға міндетті емес, оны антигенге жедел тестпен алмастыра алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Премьер-министр Прают Чан-Очаның төрағалығымен өткен COVID-19 жағдайын басқару орталығының (CCSA) отырысында жаңа антиковид шаралары келісілді. Хаттамаға сәйкес, қазір туристерге тест нәтижелерін күту үшін сертификатталған қонақүйде бір түн брондау жеткілікті. Сонымен қатар, міндетті сақтандыру өтемінің мөлшері 50 мыңнан (21,5 миллион теңге) 20 мың долларға дейін (8,6 миллион теңге) төмендейді.

Сапар алдындағы басқа талаптар: вакциналау паспорты және ұшуға дейін 72 сағат бұрын өткізілген ПТР-тестінің теріс нәтижесі өзгеріссіз қалады. CCSA мәліметтерінше, Таиландқа 1-21 ақпан аралығында шетелден 144 610 адам келді. Оның 88 755-і Test & Go схемасы бойынша, 48 156 - сы "құмсалғыш" бағдарламасы бойынша, ал қалғандары карантиннен өту арқылы демалды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Демалыс турист
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир