|
25.07.2020 | 12:40
1170

Марқакөлдің туристік әлеуеті артады

Биыл елді мекеннің туристік әлеуетін арттыруға байланысты бірқатар тың жоба қолға алынып бизнес нысандарының саны арта түспек

egemen.kz

2020 жылы Марқакөлдің жағасында қоныс тепкен Ұранхай ауылының туристік әлеуеті одан ары арта түспек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Келімді-кетімді туристерге жайлы жағдай қалыптастыру мақсатында көк айдын жағасындағы ауылда қосымша дәмхана, жанармай құю стансасы, 3 қонақ үй мен 4 азық-түлік дүкенін ашу жоспарланып отыр.

«Осыдан екі жыл бұрын Күршім ауданында туризмді дамыту бойынша атқарылатын жұмыстардың қадамдық жоспары құрылып, бекітілген болатын. Бұл құжатта туризмді дамыту үшін 2018-2021 жылдары аралығында атқарылатын жұмыстардың тізімі нақтыланып, орындалуы бақылауға алынған еді. Жалпы, Марқакөлдің жағасында орналасқан Ұранхай ауылында қазіргі уақытта үш қонақүй, 4 азық-түлік дүкені, 2 наубайхана тіркелген»,-дейді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Шораяқов.

Жауапты тұлғаның айтуынша, осыған дейін Ұранхай ауылының жері орман шаруашылығы қорының аумағында орналасқандықтан жергілікті кәсіпкерлердің жаңа кәсіп ашуға және оны тіркеуге мүмкіндіктері болмаған көрінеді. Дегенмен биылдан бастап ауыл орналасқан аумақ орман шаруашылығынан алынып, Төсқайың ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне берілген. Осындай өзгерістердің нәтижесінде биыл Ұранхай ауылында қосымша бір дәмхана, жанармай құю стансасы, 3 қонақүй, 4 азық-түлік дүкенінің ашылуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Марқакөлдің жағасында туристерге арнап жылы дәретхана салынбақ. Қазіргі уақытта "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын "Марқакөл жолдары" мердігер мекемесі мамыр айынан бастап кеткен екен. Нысанның ашылуы шілде айының соңғы аптасына жоспарланған.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

даму жоспары
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир