|
04.05.2022 | 10:18
932

Twitter кейбір пайдаланушыларға ақылы болуы мүмкін

Илон Маск аталған желінің бүкіл әлемде сөз бостандығына қызмет ететініне де сенім білдірді

Фото: ашық дереккөзден

Осыдан он-шақты күн бұрын Twitter әлеуметтік желісін 44 млрд долларға сатып алған Илон Маск парақшасына алдағы уақытта желінің кейбір қолданушылары үшін ақылы болатынын жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Twitter-ді қарапайым азаматтар әрдайым тегін пайдаланады. Алайда, коммерциялық немесе үкіметтік пайдаланушылар аз мөлшерде төлем жасауы мүмкін», - деп мәлімдеді ол. 

Илон Маск аталған желінің бүкіл әлемде сөз бостандығына қызмет ететініне де сенім білдірген. 

Айта кетейік, жақында Илон Масктың Twitter-ді қомақты қаражатқа сатып алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир