|
12.05.2022 | 10:31
680

Мұнай бағасы келесі жылы да жоғары болуы мүмкін

2022 жылдың екінші жартысында Brent мұнайының бағасы барреліне 103 доллар шамасында болмақ

Фото: ашық дереккөзден

Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) Brent маркалы мұнайдың бағасы 2023 жылы да жоғары болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

EIA хабарлауынша, 2022 жылдың екінші жартысында Brent мұнайының бағасы барреліне 103 доллар шамасында болмақ. Алайда ведомство болжамның нақты емес екенін, жалпы қара алтын бағасының Ресейге қарсы енгізілген санкциялардың әсеріне байланысты болатындығын алға тартуда. 

АҚШ Ресейде мұнай өндіру ісінің төмендеуінің ықтималдығын ескере отырып, нарық 2022 жылдың екінші тоқсанынан 2023 жылдың соңына дейін теңестіріледі деп санайды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир