|
08.10.2019 | 10:40
1298

"Қалыңдық сотқа берді": үйлену тойынан кейін күтпеген жағдай болды

Таиланд тұрғыны наурыз айында 50 жастағы ер адаммен танысқан. Ол Гонконгтағы ірі компанияның бас директоры екенін айтыпты

Таиландта өзінің бай екенін айтып, қымбат той жасаған күйеу жігіт жоғалып кетті. Қалыңдық қарызға батты, деп хабарлайды Sputnik.

Басылымның ақпаратына сәйкес, Да есімді 30 жастағы Таиланд тұрғыны наурыз айында 50 жастағы ер адаммен танысқан. Ол Гонконгтағы ірі компанияның бас директоры екенін айтқан. Бірден қызға ұсыныс жасапты.

Мамыр айында жұп үйлену тойын өткізді. Тойдан кейін күйеу жігіт шұғыл шаруамен Гонконгқа кететінін айтыпты. Сол кеткеннен оралмады.

Қалыңдықтың анасының айтуынша, тойға үш миллион бат (шамамен 38 млн теңге) жұмсалған. Алайда той ұйымдастырушылары 300 мың бат (үш миллион теңгеге жуық) қаражат жұмсалғанын айтты.

Алданған қалыңдыққа той өткен қонақүй қарызды бөліп төлеуді ұсынды. Ал той ұйымдастырушы сотқа берген. Жолы болмаған қалыңдық заңгерлердің көмегіне жүгініп, ажырасуға арыз берді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир