|
21.09.2020 | 11:01
1196

Үндістанда үш қабатты тұрғын үй құлап, сегіз адам қаза тапты

25 адам құтқарылған, тағы 20-ға жуығы үйінді астында қалуы мүмкін

ndtv.com

Дүйсенбі күні таңертең Үндістанда үш қабатты тұрғын үй құлап, кем дегенде сегіз адам мерт болды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

NDTV телеарнасының хабарлауынша, 25 адам құтқарылып, тағы 20-ға жуығы үйінді астында қалуы мүмкін. Келеңсіз жағдай Мумбай мегаполисінің жанындағы Бхиванди қаласында болған. Ғимарат Үндістан уақыты бойынша сағат 03:40 шамасында опырыла құлаған. Үйдің не себепті қирағаны әлі белгісіз. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир