|
26.06.2022 | 12:10
3302

Экс-футболшы құздан секіремін деп отбасының көз алдында қайтыс болды

Басылым мәліметінше, 31 жастағы экс-футболшы 30 метрлік құздан секірген

видеодан үзінді

Нидерландыдан Майорканың Санта-Понса курорттық аумағына қыдырып барған ер адам қауіпті трюк жасаймын деп қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 31 жастағы экс-футболшы Мурад Ламрабат отбасының көз алдында 30 метрлік құздан секірмек болады. Оқиға Мальгратс аралында болған. Оның секіру алдындағы қадамы аз болған соң ол, суға жетпей тасқа соғылған. Артынша оның денесі суға түскен.

Ер адамның денесін құтқарушылар судан алып шыққан. Тексеру кезінде ол соққыдан есінен танып қалып, алған жарақатынан қайтыс болғаны анықталды.

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, оның жолдасы ер адамның осы ісін тікелей эфирде түсіріп тұрған. Ол екі баласымен жалдамалы қайықта отырған. Видеоны мына жерден көруге болады.

Ламрабат бұрындары SBV Vitesse клубында ойнаған. Оның командасы Нидерландыдағы Eredivisie деп аталатын жоғарғы лигасында өнер көрсетеді. Футболшының экс-ұжымы қазаға байланысты туыстарына көңіл айтқан.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

су
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир