|
10.04.2020 | 13:47
1095

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандардың саны 16 672-ге жетті

Соңғы тәулікте 1904 адам көз жұмған

Фото: RFI

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандардың саны 16 672-ге жетіп, тек соңғы тәулікте 1904 адам көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, бүгінде АҚШ-та COVID-19-ды 462 мың адам жұқтырған. Дональд Трамп дәл қазір елде коронавирус жаппай тарап жатқанын айтады. Десе де 25 400 адам айығып шыққан. Екінші орында 152 мыңнан астам науқаспен Испания тұрса, Италияда 140 мыңға жуық. Францияда 83 мыңнан аса науқас тіркелсе, Қытайда 82 883 адам індет жұқтырған. Ал, Германияда жұқпалы індеттің таралуы төмендеген. Осыған байланысты Алман елінің канцлері Ангела Меркель елде бақылау шараларын күшейтуге негіз жоқ деп отыр. Жалпы, Германияда коронавирусты 114 мыңнан аса адам жұқтырса, 2349 өлім тіркелген. Ал Үндістанда коронавирусты жұқтырғандар саны 6412-ге жетіп, 199 науқас бақилық болды, 503 адам жазылып шыққан. Жалпы қауіпті індет әлем бойынша 90 057 адамның өмірін жалмады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир