|
16.11.2019 | 14:06
1681

Үйлену тойынан кейін "күйеу жігіттің" қулық-сұмдығы әшкере болды

Ер адам өз бизнесін ашу үшін өтірік той өткізіп, қонақтар мен туыстарын ғана емес, "қалыңдықты" да сан соқтырған

sputniknews.kz

Қытай тұрғыны сыйлыққа берілетін ақшаны өз кәсібін ашуға пайдалану үшін жалған үйлену тойын ұйымдастырды. Оқиға Гуйчжоу провинциясында болған, деп хабарлады Sputnik.

"Үйлену тойын" өткізу үшін ол дос жалдау агенттігінің қызметін пайдаланған. Қалыңдықтың рөлін осы компанияның қызметкері Сяо Ли сомдады. Ол 22-28 тамыз аралығында "күйеу жігіттің" жанында болуға келіскен. Жігіт оған әр жұмыс күні үшін 521 юань (шамамен 28 мың теңге) беремін деп уәде еткен.  

Қонақтар "жас жұбайларға" 60 мың юань (шамамен 3,3 миллион теңге) сыйлық жасаған.

Үйлену тойынан кейін "жас жұбайлар" тағы бірнеше күн провинцияны аралапты. Ал "қалыңдықтың" жалдау ақысын төлейтін уақыт келгенде, қытайлық көк тиын төлемей, із-түзсіз жоғалған. Ол қызды әлеуметтік желілерде бұғаттап, оның қоңырауларына жауап бермейтін көрінеді.

Жәбірленуші заңгерлерден көмек сұрады. Дегенмен олар жазбаша келісім жасамағандықтан, қыздың қолайсыз жағдайға тап болғанын айтып отыр.




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

келіншек жігіт
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир