|
24.02.2020 | 16:18
1535

Тағы үш елде коронавирус жұқтырғандар анықталды

Кувейтте үш адам вирус жұқтырған

123ru.net

Кувейт(3 адам), Бахрейн(1 адам) және Ауғанстан(1 адам) елдерінде коронавирус жұқтырғандар анықталды, – деп хабарлайды tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, Кувейт және Бахрейнде вирус жұқтырғандар таяуда Ираннан келген. Айта кетейік, қазіргі уақытта Иранда COVID-19 вирусын 43 адам жұқтырған.

Ал Кувейтте үш адам вирус жұқтырған.

Ауғанстанның денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Ауғанстанда үш адам вирус жұқтырды деп тексеруден өткен. Тексеріс нәтижесіде бір ауған азаматының  вирус жұқтырғаны анықталған.

Еске салайық, мұның алдында Қытайдан басқа бірқатар елде коронавирус инфекциясы өршіп жатқаны хабарланған еді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир