|
07.12.2022 | 20:54
1077

Моңғолияда көмір ұрлығына қатысы бар шенеуніктердің аты-жөні жарияланады

Халықтың жаппай наразылығын тудырған оқиғаны тергеу үшін жұмыс комиссиясы құрылмақ

Almaty.tv

Моңғолияда көмір ұрлығына қатысы бар шенеуніктердің аты-жөні қоғамдық тыңдауда жарияланады. Бұл туралы парламент спикері Гомбожавын Занданшатар мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халықтың жаппай наразылығын тудырған оқиғаны тергеу үшін жұмыс комиссиясы құрылмақ. Осы мақсатта парламентте ашық тыңдау өткізіледі деп жоспарланып отыр.

«Депутат - халықтың елшісі, ал халықтың байлығын ұрлаған адам заң алдында жауап беруі қажет» дегенді алға тартқан ел билігі кінәлілер қатаң жазаға тартылатынын айтты. Сондай-ақ Парламент спикері көмір сату мәселесінде жемқорлықтың барын жасырмады. Сондықтан бұл түйткілді кешенді түрде шешіп қана қоймай, бәрін заң нормалары арқылы жұртшылыққа ашық көрсету керегін жеткізді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир