|
21.01.2022 | 09:15
686

Австрияда екпе алмағандар айыппұл төлейді

Бұл заңның күші 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін сақталады

timacad.ru

Австрияның Ұлттық кеңесі көпшілік дауыспен елдің бүкіл тұрғындары үшін ковидке қарсы міндетті вакцинация туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды  Almaty.tv  тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл заңның күші 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін сақталады. Осылайша, Австрия - ЕО-да коронавирусқа қарсы екпе міндетті саналатын бірінші ел болмақ.

Наурыз айынан бастап екпе салдырмаған ел азаматтары айыппұл төлейтін болады, оның ең төменгі көлемі – 600 еуро.

Ел билігі сондай-ақ екпе алғандар арасында сыйлықтар ұтысын ұсынуды жоспарлап отыр.

Лотереяның әрбір оныншы қатысушысы 500 еуро көлеміндегі ақшалай купон ұта алады.

«Біз аймақтарды тек вакциналау жөнінде ақпараттандыру үшін ғана емес, сондай-ақ екпе салдырғандар саны үшін ынталандырамыз. Аймақтар мен қалалар бұл қаражатты өз дамуына жұмсай алады», - деп мәлімдеді Австрия канцлері Карл Нехаммер.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир