|
04.05.2017 | 11:23
1241

Астанада Сириядағы шиеленісті шешуге бағытталған кезекті процесс өтті

Астанада Сириядағы шиеленісті шешуге бағытталған кезекті процесс өтті. Оған тараптардың барлығы қатысты. Алайда, жиынға журналистер қатыстырылған жоқ. Біздегі бар ақпарат бойынша, басқосуға Сирияның оппозиция өкілдері келген. Осыған дейінгі кездесулерде олар төбе көрсетпеп еді. Сондықтан сарапшылар мұны ымыраға бастар жол деп бағалауда.                    


«Нақты құжаттарға келер болсақ, қазіргі кезде Ресей тарапының ұсынысымен қауіпті аймақтағы жағдайды ретке келтіретін меморандум әзірленуде. Бұдан бөлек, келісімге келген аудандарда әскери әрекеттерді тоқтату режимін күшейту және тұтқындармен алмасу жұмыстары бойынша протоколдық құжат дайындалуда. Жақсы нәтижемен аяқталатынына сенеміз. Ертеңгі отырыста қорытынды белгілі болмақ», - деді ҚР СІМ Департаментінің директоры Айдарбек ТҰМАТОВ.


Бұл процес Астанада осымен 4-ші рет өтіп отыр. Тараптар бір мәмілеге келу үшін тағы да жиналмақ.  


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир