|
05.05.2017 | 12:58
1310

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне алматылық қолөнершілер қызу дайындалуда

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына небәрі отыз бес күн қалды. Жаһандық шараға алматылық қолөнершілер де қызу дайындалып жатыр. Қазақ халқының ұлттық болмысы мен салт-дәстүрін, еліміздің бүгінгі жетістіктерін бейнелейтін кәде-сыйлардың түр-түрін шығаруда. Отандық тауарды өндірушілер ат үстінде отырған батырлардың бейнесі мен тайқазан, алтын жалатылған асатаяқ, қалқан, қылыштардың небір түрін әзірлепті. Себебі, шетелден келген туристердің  ұлттық бұйымдарға деген  қызығушылығы жоғары.

«Зергерлік өніммен айналысамыз. Отандық өнім болғанымен осыны дамытуымыз қажет. Шетелдіктердің қызығушылығы жоғары. Мысалы, мына заттарды күнімен, түнімен ЭКСПО - ға дайындап жатырмыз. Тығыз уақыт қалғаннан кейін тоқтамай жұмыс жасап жатырмыз. Себебі, уақыт шектеулі», - деді қолөнерші Жандос АЙБЕК.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир