|
05.05.2017 | 12:45
1431

Мәжіліс Конституцияға біраз өзгеріс енгізді

Мәжіліс Конституцияға біраз өзгеріс енгізді. Жаңарған заң жобасын журналистерге Әділет министрі таныстырды. Өзгеріс енгізу Елбасы ұсынысымен жүзеге асқан. Басқару жүйесіндегі жаңа заңдар Үкімет басшыларының, халық қалаулылары мен сот жүйесіндегі қызметкерлердің мәртебесін айқындайды. Демек, алдағы уақытта тек тәжірибелі әрі, еңбек өтілі жоғары маман иесі ғана лайықты қызметке жайғаса алады. Заңға сәйкес оларға қойылатын талап та күшейіп отыр.

«Атап айтатын болсақ, ол Парламент жөніндегі, Үкімет, сайлау, бүкіл Қазақстанның  референдум жөніндегі, Сот жүйесіне байланысты, Конституциялық кеңеске қатысты. Сондай заңға өзгерістер қарастырылып отыр. Осының бәрі біздің мемлекеттегі билікті әр түрлі өзгертеді», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан ӘБДІРОВ.

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, алдағы уақытта  Президенттікке кандитат азаматтар медициналық куәландырудан өтетін болады. Әділет министрінің сөзінше, жауапты қызметке денсаулығы мықты адам келуі қажет. Әрі ана тілді білу - басты міндет.

«Қазақ тілі маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ол міндетті түрде заң актілерінде жазылады. Әлі толық бекітілген жоқ. Бірақ мемлекеттік қызметті орындау үшін азамат жан-жақты дайын болуы қажет. Тіпті, денсаулығында да ақау болмаған дұрыс», - деді ҚР Әділет министрі Марат БЕКЕТАЕВ.

Үміткер азаматтарды тексеру Орталық Сайлау Комиссиясы мен Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелмек. Сонымен қатар, сот жүйесі мен судьялардың қызметі де тысқары қалмады. Енді заң бойынша, судья қызметі 30 жастан басталады. Заң саласында 10 жыл еңбек өтілі бар, болмаса 5 жыл сот жүйесінде жұмыс істеген азамат қана судья қызметін атқармақ.  


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир