|
06.06.2017 | 10:04
2969

Салтанат Нұртай: Сонымен, Сіз жұмыссыз қалсаңыз? (жалғасы)

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Еңбек етсең жемісін жейсің»,- деп үлкендер арттарынан еріп келе жатқан ұрпақтарын тәрбиелейді, соған баулиды. Әрбір ата-ана заманға сай балаларын оқытып, білім алып, жақсы жерде жұмыс істегенін қалайды. Алайда, соңғы кезде дағдарыс дегенді жиі еститін болдық. Көп жерлерде бос орын жоқ, қысқартулар да болып тұрады. Осындай кезде жұмыссыз қалған өте ауыр жағдай. Жұмыс табу да қиынға соғады. Әрбір мекеменің табалдырығын тоздырасың. Сонымен: Сіз жұмыссыз қалсаңыз не істеу керек? Осы сауалдарға мен біраз жауаптар іздеп көрген едім. Сіздерге азда болса көмегім тисін деген оймен жұмысқа қалай тез арада орналасуға болатынына шолу жасадым.





Түйіндеме

Алдымен түйіндемеңізді дайындап алыңыз. Өйткені, қай мекемеге, қай жерге барсаңыз да әңгімелесу кезінде сізден түйіндемеңізді сұрайтыны анық. Түйіндемеңізге өзіңіз жайлы, мақсатыңыз, өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, жұмысқа икемділігіңізді ұтымды көрсетіңіз. Ақпаратты толықтырып, ықшамды етіп жазыңыз. Жұмыс беруші мекеме басшыларына түсінікті болсын.

Кеңес: Түйіндеме салынған папканың сыртына аты-жөніңіз бен мамандығыңызды толықтай жазыңыз.



Газет

Бос жұмыс орын жарияланған газеттер топтамасын қарап шығыңыз, мүмкін өзіңізге ыңғайлы жұмыстар тауып қалатын шығарсыз. Хабарландырулардың астында міндетті түрде контактілер болады, тапқан жеріңізді түртіп алып, хабарласыңыз. Әңгімелесу күнінде белгілеп қойыңыз.

Кеңес: Әдепті сақтау керек. Арсыз қылықтар көрсетпеу, арақашықтықты ұстай білу абзал.



Сайт

Сайттанда ертеңгі күні табыс табатын  жеріңізді тауып қалуыңыз мүмкін. Қазіргі заманда көбісі осы сайттар арқылы да жұмысқа орналасып жатады. Бұл сайттар екіге бөлінеді. Біріншіден бос жұмыс орындарына арналған сайттарға кіріп өзіңізге келетін мекемелер хабарландырулардың астына түйіндемеңізді толтырып контактіңізді барлық ақпаратыңызды қалдырыңыз.  


Сайттар тізімі:  

1. Срочно требуются 

2. zarplata.kz 

3. nur.kz жұмыс 

4. 24rabota.kz 

5. Жұмыс 

6. linkedin 

7. Работа в Казахстане 

8.  HeadHunter 


Екіншіден, бос жұмыс орындар берілген мекемелердің хабарландыруларына ғана хабарласатын сайттар тізімі:

1 Вакансия 

 2 olx 

 3 Из рук в руки 

 4 joblab.kz 

 5 programmers.kz 


Әлеуметтік желілер



Әлеуметтік желілер арқылыда жұмысқа орналасуға да болады. Мысалға, Фейсбукқа, В контактеге, инстаграмдағы өзіңіздің хроникаңызға қысқа да, нұсқа түсінікті етіп хабарландыру жазып қойыңыз. Сонымен қатар, осы желідегі топтарға да репост жасап қойсаңыз болады.


Фейсбук:

1. Жұмыс жәрмеңкесі 

2. Job.kz

3. Жұмысқа шақырамыз 

4. Жұмыс іздесеңіз мында табасыз 

5. Жұмыспен Қамту Орталығы 

ВКонтакте

1. "Срочные вакансии" газеті  

Инстаграм

1. "Sarbaz" таулы бағына жұмысқа шақырамыз
2. Работа Алматы 

3. РДВ 


Жұмыспен қамту орталығы


Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығында айта кеткім келіп отыр. Егер де дипломыңыз болса, орталыққа барсаңыз, құжат-құжат папка көтермей-ақ жеке куәлігіңізді апарсаңыз болғаны немесе үйіңізде отырып компьютермен өзіңіздің кабинетіңізге кіріп өтініш қалдырып тіркеліңіз. Олар 10 күннің ішінде жұмыс тауып беруге тырысады. Жұмыс тауып бере алмаған жағдайда жастар тәжірибесіне  6 ай уақытқа мамандығыңыз бойынша жібереді. Ай сайын еңбек ақыңызды төлеп береді. Сомасы – 56 725 тг. Немесе қоғамдық жұмыс орындарына жібереді. Военкомат, әкімшілікте, көше сыпыру, тазалау т.б. Ал бұл жұмысқа алатын еңбекақыңыз 48 418 тг мемлекеттен ақша төлейді. Егерде жұмыс беру орталығы ұсынған жұмыстан 2 мәрте бас тартсаңыз орталықтан тіркеуден шығарады. Бірақ бір айдан кейін қайтадан тіркелсеңіз болады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы,

                       Мақатаев көшесі №117 лит Б

                       Телефон нөмірі: 2 (727) 2 79 81 91

                                                2  (727) 279 03 76



Бос жұмыс орын жәрмеңкесі 

Сондай-ақ жұмысқа орналасудың тағы бір мүмкіндігі - Бос жұмыс орын жәрмеңкесі. Қазақстанның әр қаласында жылына 2-3 рет жәрмеңке өтеді. Әр мекемеден қызметкерлер келіп сіздің жұмысқа деген қабілетіңізді тексеріп көреді. Егер де толыққанды көңілдерінен шықсаңыз, сізді міндетті түрде жұмысқа алады.

Міне осындай әдістермен жұмысқа орналасуға болады. Егерде менің берген кеңестеріме өздеріңіздің қосатындарыңыз болса, пікір қалдырып, жазыңыздар. Алдағы уақытта Жоғарғы оқу орнын оқымаған, дипломы жоқтарға арналған шолу жасаймын. Жұмыссыздар жұмысқа орналасып кетіңіздер! Сәттілік!



Мәтін: Салтанат Нұртай



Редакция материал мазмұнына жауапты емес. Редакция автордың ойын бөліспеуі мүмкін. Барлық мақалалардың орфографикасы толығымен сақталған.


Осы тақырыпта жазылған өзге материалды оқыңыздар




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир