|
24.01.2017 | 10:15
1674

Қала әкімі Оскар Стенстрём бастаған шведтік делегацияны қабылдады

Қала әкімі Бауыржан Байбек Швеция Сыртқы істер министрінің сауда және Еуро Одақ бойынша орынбасары Оскар Стенстрём бастаған шведтік делегацияны қабылдады. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Қала басшысы Алматының бизнес-ахуалын жақсарту бойынша бастама жасаушылар қаласы ретінде қалыптасқандығын, көлік жүйесі мен «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жөнінде нақтылы істердің атқарылғандығын айтты. Өз кезегінде Оскар Стенстрём бұл сапар екіжақты экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға арналғандығын атап өтті. Сондай-ақ, шведтік-қазақстандық іскер кеңестің және Швецияның «Business Sweden» Сауда әрі инвестициялық Кеңесі екі жақты байланыстарға оң ықпал ететінін сөз қылды. Аталған ұйымның офисі Алматыда орналасқан және ол Орталық Азияны қамтитын өңірлік хабқа айналған.

«Бүгінгі күні Қазақстан швед бизнесі үшін әлеуетті нарықтардың бірі болып табылады. Біз сіздерден жоғары потенциал көрудеміз. Бұл сапар бірігіп жұмыс атқарудың нақтылы жолдарын анықтап береді. Алматы болашағы зор жастардың әрі техникалық мамандардың, математиктердің қаласы екен, біздің компаниялар осындай дарынды жастарды іздейді»,- деді Швеция сыртқы істер министрінің сауда және Еуроодақ бойынша орынбасары, Оскар СТЕНСТРЁМ. 

Кездесу барысында шетелдік делегацияға, инвесторларға қызмет көрсететін Орталықтың, Алатау ауданындағы индустриалды аймақтың және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың жұмыстары таныстырылды. 2016 жылдың 11 айы ішінде Алматы мен Швеция арасындағы тауар айналымы 53,8 млн. АҚШ долларын құрапты.  Қазір Оңтүстік астанада 8 біріккен және 17 шведтік кәсіпорын тіркелген.

 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир