|
06.05.2024 | 09:25
1241

Алматы циркінің әртістері Britain's Got Talent шоуының екінші турына өтті

Жоба жеңімпаздары ақшалай сыйлық пен 2024 жылдың қарашасында Лондонда өтетін Royal Variety Performance-те өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады

Алматы циркінің әртістері Britain's Got Talent шоуының екінші турына өтті фото Victor Glutsenko

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері Батыр Жанұзақ, Марлен Маратов және Зарина Дигарбекова танымал британдық Britain's Got Talent («Британия талант іздейді») телешоуында өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады, онда қатысушылардың бірі баспалдақпен көтерілді, ал серіктес оның басына сүйеніп, бір қолымен тірек жасады.

«Осы уақыт ішінде біздің жүрегіміз қатты соғумен болды. Акробаттар бір-бірінің үстінде тепе-теңдікті сақтай отырып, баспалдақпен көтерілу кезінде бізді керемет шеберліктерімен таң қалдырды. Мұны үйде қайталауға тырыспаңыз», - деп атап өтті жобаны ұйымдастырушылар.

Жоба көрермені мен қазылар алқасы Саймон Коуэлл, Аманда Холден, Алиша Диксон және Бруно Тониоли әртістерге қошемет көрсетті. Қазақстаннан қатысушылар 17 мамырда өтетін жобаның екінші турына бірауыздан өтті.

«Біздің әртістеріміз алғаш рет Britain's Got Talent сахнасында цирк нөмірімен өнер көрсетіп, екінші турға өтті. Біз өте қуаныштымыз және оларға сәттілік тілейміз. Олардың келесі нөмірі де өте қызықты болады және көрермендерді таң қалдырады. Жалпы, біздің цирк әртістері өз шеберлігін үнемі жетілдіріп, Еуропа мен АҚШ-та өнер көрсетіп, елімізді дәріптейді. Сондай-ақ жас әртістер қала әкімдігінің қолдауымен үздік бейінді шетелдік жоғары оқу орындарында біліктілігін арттырудан өтіп, халықаралық фестивальдар мен конкурстарға қатысады», - деп атап өтті Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Britain's Got Talent - бұл британдық таланттардың танымал реалити-шоуы. Жоба жеңімпаздары ақшалай сыйлық пен 2024 жылдың қарашасында Лондонда өтетін Royal Variety Performance-те өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Оқи отырыңыз: Батырлардың суретімен безендірілген пойыз Астанадан жолға шықты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир