|
13.06.2020 | 10:23
3151

Сағынтаев коронавирус таралуын тежеу үшін Алматыда барлық жағдай жасалып жатқанын айтты

Алматы әкімі дезинфекция жұмыстарына айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап өтті

Сағынтаев коронавирус таралуын тежеу үшін Алматыда барлық жағдай жасалып жатқанын айтты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың таралуын тежеу мақсатында мегаполисте барлық жағдай жасалып жатқанын, әсіресе жалпыға ортақ қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмыстарына айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Бұл туралы ол өзінің Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында қалада барлық жағдай жасалуда. Соның бірі — қоғамдық кеңістікті дезинфекциялау. Көшелер, сауда және қызмет көрсету нысандары, медициналық мекемелердің аумақтары, жаяу жүргіншілер жолы, жалпы жұқтыру қаупіне ие барлық заттар залалсыздандырылуда», - деп атап өтті Алматы әкімі.

Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ, қаладағы көпқабатты үйлер мен балалар және спорт алаңдарына да күн сайын залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырғанына назар аударды.

«Сонымен қатар, күн сайын 7,5 мың кіреберіс пен 1,5 мың аула, соның ішінде балалардың ойын және спорт алаңдары дезинфекцияланады. Бұған 75,4 мың литр ерітінді жұмсалады. Ал бұл жұмыстар 450 дезинфекциялық компания қызметкерлерінің күшімен атқарылады. Болат Оспанов сынды қарапайым жігіттер COVID-19-дың таралуына қарсы іс-қимылда белсенділік танытып жүр. Біз де жауапкершілік танытайық», - деді қала әкімі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында қалада барлық жағдай жасалуда. Соның бірі — қоғамдық кеңістікті дезинфекциялау. Көшелер, сауда және қызмет көрсету нысандары, медициналық мекемелердің аумақтары, жаяу жүргіншілер жолы, жалпы жұқтыру қаупіне ие барлық заттар залалсыздандырылуда. Сонымен қатар, күн сайын 7,5 мың кіреберіс пен 1,5 мың аула, соның ішінде балалардың ойын және спорт алаңдары дезинфекцияланады. Бұған 75,4 мың литр ерітінді жұмсалады. Ал бұл жұмыстар 450 дезинфекциялық компания қызметкерлерінің күшімен атқарылады. Болат Оспанов сынды қарапайым жігіттер COVID-19-дың таралуына қарсы іс-қимылда белсенділік танытып жүр. Біз де жауапкершілік танытайық. —— Город делает все возможное, чтобы сдержать распространение коронавируса. Одной из профилактических мер является дезинфекция общественных пространств. Обрабатываются улицы, территории объектов торговли и услуг, медучреждений, тротуары и все, что может представлять угрозу инфицирования. Кроме того, ежедневно обрабатывается порядка 7,5 тыс. подъездов и 1,5 тыс. дворов, в том числе детских игровых и спортивных площадок. Расходуется 75,4 тыс. литров раствора. Эта работа проводится вручную, силами 450 работников дезинфекционных компаний. Такие простые ребята, как Болат Оспанов, помогают в борьбе с распространением COVID-19. Давайте и мы поможем — своим ответственным поведением. #AlmatyBirgemiz

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)12 Июн 2020 в 8:15 PDT


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир