|
20.06.2024 | 11:18
992

Алматыда сот шешімімен көлік жуу нысаны сүрілді

Басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға шағым түсірген

Алматыда сот шешімімен көлік жуу нысаны сүрілді қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысан заңсыз салынған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бекмаханов көшесінің батысында Солтүстік айналма көшесінің солтүстік жағындағы учаскедегі нысанды жоспардан тыс тексеру барысында тиісті рұқсат құжатының жоқтығы анықталды.

Басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға шағым түсірген. Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 9 маусымдағы шешімімен автокөлік жуу өз бетінше салынған деп танылды.

Жақында меншік иесі (жеке тұлға) қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысанды ерікті түрде бұзды.

Жалпы, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 38 заңсыз нысан толық немесе жартылай бұзылды, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Граф», «Алма Гарден» ТҮК және т.б. бар.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы тағы бір кітапхана 24/7 жүйесінде жұмыс істейтін болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир