|
06.05.2024 | 15:54
279

Алматылықтар жауынгерлерді еске алды

Жетісу аудандағы тыл, майдан шебіндегі ардагерлердің отбасына құрмет көрсетілді

Алматылықтар жауынгерлерді еске алды Almaty.tv

Алматыда Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты рәсім Түрксіб ауданының бірнеше мемориалды кешенінде ұйымдастырылды. Қиын кезде ерлік көрсеткен батырлардың рухына тағзым етіліп, гүл шоғы қойылды.

– Жеңіс – жақсылық. Соғыста көз жұмған жандардың ескерткішінде тұрмыз. Әрқашан еске алу –міндетіміз, – деді Азаматтық авиация саласының ардагері Нәсіп Аманов.

Еске алу рәсіміне ардагерлер мен зейнеткерлер, сондай-ақ жас өрендер мен әскери институт талапкерлері қатысты. Аудандағы тыл, майдан шебіндегі ардагерлердің отбасына құрмет көрсетілді.

– Елі үшін ерлік көрсеткен жауынгерлер мәңгі есімізде болуы керек. Сондықтан  ұлықтау шараларының маңызы зор. Жастарды үйреніп, баулу орынды – деді Түрксіб ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Ғалия Әскерқызы.

– Осындай іс-шараның арқасында елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім пайда болады. Отанды қорғау әр азаматтың міндеті деп түсінемін, – деді С. Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлері әскери институтының курсанты Диас Сәдуақас.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа ардагерлер аллеясы ашылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир