|
02.05.2024 | 15:46
219

Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей-бұрыш ашылды

Сазгердің қолжазбалары №833 қордың жинағына енді

Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей-бұрыш ашылды Almaty.tv

Алматыда Халық әртісі, даңқты композитор Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей-бұрыш ашылды. Сазгердің қолжазбалары, ноталары, марапаттары, фотоальбомдары, кітаптары, төсбелгілері №833 қордың жинағына енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бастама «Алматы қаласының Мемлекеттік архиві» мен «Хасанғалиев әлемі» мәдениетті қолдау қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

– Бір жарым айда құжаттарды тапсырдық. Жылдан-жылға экспозиция міндетті түрде толығады. Әлі беретін дүние көп, – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев.

Композитордың 1970 жылы жарыққа шыққан «Атамекен» әні бүгінде қазақ халқының екінші әнұранына айналып отыр. Сондықтан музей бұрышына «Қазақстаным-қасиетті Атамекенім» деген атау берілді.

– Ескендір Хасанғалиев ағаның мен білетін 50-60 әні бар. Бір әні, бір әніне ұқсамайды. Бұл – табиғи құбылыс, өте кездейсоқ кездесетін талант, – деді ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев.
Оқи отырыңыз: Жібек жолындағы мәдени мұра: Алматыда халықаралық форум өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир