|
02.05.2024 | 16:09
197

Балбал тас: алматылықтар ақын өлеңдерін талдады

Маралтай Райымбекұлының 55 жас мерейтойына арналған поэзиялық кеш өтті

Балбал тас: алматылықтар ақын өлеңдерін талдады Almaty.tv

Алматыда ақын Маралтай Райымбекұлының 55 жас мерейтойына арналған поэзиялық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шығармашылық іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен Ықылас атындағы халық музыкалық  аспаптар музейінде ұйымдастырылды. Поэзия сүйер қауым үшін ақынның үздік өлеңдері оқылып, жыр туындыларына шолу жасалды.

– Бұл кештің, формасы, форматы сәл бөлектеу. "Ақындар өлеңіне түсіндіру қажет емес" деген қағиданы бұздық. Өлеңге аннотация керек. Іріктеп алынған 10 өлеңді осы жерде оқып, соны жұртпен бірге талқыладық, – деді ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Маралтай Райымбекұлы.

Салтанатты іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен өнер саңлақтары қатысты. Поэтикалық-концептуалдық кеш барысында ақынның «Балбал тас» атты кітабының тұсауы кесілді. Ақын қаламынан туған өлең шумақтарының мазмұнына ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ жыр дүлділіне арналған Мемлекет басшысының құттықтау хаты табыс етілді.

– 100 кітапты қойып, соның ішінен «Маралтайдың кітабын тауып ал» десе, тауып аламыз. Өлеңдерінің әрбір жолы «Маралтайдың өлеңімін» деп айғайлап тұрады. Cебебі мүлде тосын, стильдік ерекшелігі, ішкі энергия қуаты жарқырап, көрініп тұрады, – деді ақын Бауыржан Бабажанұлы.

Оқи отырыңыз: Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей-бұрыш ашылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир