|
04.07.2024 | 20:55
241

Алматыда домбыра күніне орай «Халық жүрегінің әуендері» кеші өтті

Мақсат – ұлттық аспапты дәріптеу

Алматыда домбыра күніне орай «Халық жүрегінің әуендері» кеші өтті Almaty.tv

Биыл домбыра күні елімізде 7 шілдеде аталып өтіледі. Айтулы мереке қарсаңында бүгін Алматы кітапханалары мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы бірлесе іс-шара өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Халық жүрегінің әуендері» деп аталған кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова мен жас орындаушылар өнер көрсетті. Мақсат – ұлттық аспапты дәріптеу.

«Домбыраны қанша дәріптесек те артық болмайды. Тіпті бір Домбыра күнінде ғана дәріптеп қоймай, әр қазақтың шаңырағында ілулі тұрғанын және тек іліп қана қоймай, күнделікті күмбірлеп, әр шаңырақтан үні естіліп жатқанын қалаймыз», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова.

Оқи отырыңыз: Атырауда балалар аттракционнан құлап кетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир