|
26.06.2024 | 18:18
272

Елімізде медицина саласына қандай өзгеріс енгізіледі

Жұмысты жеделдету мақсатында өңірлерде үйлестіру штабы құрылған

Елімізде медицина саласына қандай өзгеріс енгізіледі Almaty.tv

Қазақстанда медициналық инфрақұрылым кешенді жаңғыртудан өтеді. Үкімет ақ халаттылардың әлі күнге анықтама қағазын қолмен толтырып, әбігерге түсетін түйткілін алдағы 1-2 жылда шешуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмысты жеделдету мақсатында өңірлерде үйлестіру штабы құрылған. Олар қарашаның медициналық қызмет алудағы қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш салады. Президент тапсырмасы аясында қолға алынған бастамаға өзге елдердің озық тәжірибесі қолданылмақ. Ауыл-аймақтарда адамдардың мәртебесі кезең-кезеңімен жүргізіледі.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында озық тәжірибені енгізу жұмысын істеп жатырмыз. Оның біріншісі азаматтардың статусын анықтау. Өңірлерде тиісті штаб құрдық. Түгендеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. 130 мың азамат тіркелді, 750 мың адам бар. Нәтижесінде әлеуметтік осал топтардағы азаматтар үшін мемлекет, ал жұмыс істейтіндер үшін – жұмыс берушілер мен азаматтардың өздері жарна төлейтін болады, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова.

Жарты жылдық жұмысқа есеп беруге келген министрлер кабинетінің мүшесі қазақстардықтардың ең көп шағымданатын салаларын атап өтті. Тұрғындардың көңілі толмай тұрғаны - тұрғын-үй, жол, инфрақұрылым және әлеуметтік сала. Өңірлерге барған депутаттарға да түсетін арыздың дені осылар болып шықты. Ал ауылдағы ағайынның базынасына айналған шарықтаған дәрі-дәрмектің бағасын реттеледі.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмаларына сәйкес инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр. 12 мың шақырымнан астам автожол салу, реконструкциялау және жөндеу. Жаңа газ желілерін салу есебінен 300 мың тұрғыны бар 87 елдімекенді газдандыру жоспарлануда, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова.

Оқи отырыңыз: Таңғы ас есте сақтау мен зейінді жақсартады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир