|
05.05.2024 | 10:09
1432

Мемлекет басшысы православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тіледі

Мемлекет басшысы православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

- Құрметті еліміздің православ қауымы!

Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.

Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.

Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді.

Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!, - делінген құттықтау хабарламасында.

Оқи отрыңыз: Қала әкімі алматылықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир