|
01.05.2024 | 12:10
1154

Олжас Бектенов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Ол елдегі ауызбіршілік пен бауырмалдықтың жарқын үлгісі биылғы су тасқыны орын алған күрделі кезеңде де айқын көрінгенін айтты

Олжас Бектенов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің еліміз ұлт пен ұлыстың ынтымағын қашаннан өзінің қастерлі құндылықтарының қайнар көзі ретінде ұлықтап келеді. Қоғамдағы ортақ келісімнің арқасында Қазақстан тұғырлы тұрақтылықтың темірқазығына, береке мен бірліктің ордасына айналды", – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол елдегі ауызбіршілік пен бауырмалдықтың жарқын үлгісі биылғы су тасқыны орын алған күрделі кезеңде де айқын көрінгенін айтты.

"Халқымыз қиындық атаулыны жұмыла еңсеріп, бір-біріне көмек қолын созуда. Елдің болашағы – бірлікте! Ал ертеңін ойлаған елдің іргесі ешқашан ажырамайды. Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін", – деді Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир