|
17.06.2024 | 14:05
137

Түркістанда цехтан өрт шығып, екі қызметкер ауруханаға түсті

Өртті сөндіруге бір сағат кеткен

Түркістанда цехтан өрт шығып, екі қызметкер ауруханаға түсті Almaty.tv

Түркістанда цехтан өрт шығып, ішіндегі екі қызметкері ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиға облыс орталығында сенбіде болған. Күндізгі сағат 11:00-де шыққан жалын жиһаз жасалатын цехтың 6 мың шаршы метрін қамтыпты. Сөйтіп жан-жаққа жайылған өртті сөндіруге бір сағат кеткен. Осылай деген мамандар апаттан мекеменің екі маманы зардап шеккенін айтты.

– Хабарлама бойынша Түркістан қаласы бойынша 10 техника, қызметкерлер мен жалпы ғимараттың 6 мың квадраты жанып бүлінген. Өртті 12 сағат он минутта қайтарылды, – деді Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Асқар Сейсенов.

Оқи отырыңыз: Таразда көлік көшедегі үлкен шұңқырға түсіп кетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир