|
26.06.2024 | 22:34
1961

Есірткі саудасы: әлемде нашақорлар қатары 23 пайызға өскен

Есірткі саудасы: әлемде нашақорлар қатары 23 пайызға өскен elements.envato.com

26 маусым – халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Миллиондаған адамның тағдырына балта шапқан есірткі қазір жаһандық проблемаға айналған. Соңғы 10 жылда әлемде нашақор азаматтардың қатары 23 пайызға өскен. Ал елімізде былтыр улы затқа уланып жүргендердің саны 60 мыңнан асыпты. Оның 70 пайызы - 15 жастан 30 жасқа дейінгі жастар. Мұндай қорқынышты статистиканы Денсаулық сақтау министрлігі келтірді. Неге жастар зиянды заттарға әуес болып барады? Есті алған есірткіден емдеу жолдары қандай? Осы және өзге сұраққа «Алматы» теларнасының студия қонағы Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев жауап береді.

Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир