|
04.05.2024 | 19:38
332

Талдықорғандықтар қара құртты жоя алмай әлек

Мамандар жусан жемірі қауіпті зиянкес қатарына кірмегенін айтты

Талдықорғандықтар қара құртты жоя алмай әлек Almaty.tv

Бірнеше күннен бері Талдықорғанның іргесіндегі Жастар-2 шағынауданының тұрғындарынан маза қашты. Мұндағы халық құжынаған құртты жоя алмай дал, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мыңнан аса тұрғыны бар Жастар -2 шағынауданында құрттың қаптағанына бір аптадай уақыт болды. Зина Сағымбаева содан бері қоңызбен күндіз-түні күресіп жатыр. Ең бастысы, зиянкес бау-бақшаға түспесін деп алаңдайды. Өйткені құрт енді ғана төбе көрсеткен өскінді жан-жағынан жайпап жатқан көрінеді.  

– Былтыр құрт байқамадық, биыл өте көп. Үйге кіріп жатыр. Бау-бақшаға жеміс-жидек егіп қойдық, қалай боларын білмеймін? Бос жердегі шабылмаған шөпке қаптап жатыр, – деді қала тұрғыны Зина Сағымбаева.

Сәбира Аманбаева да дүйсенбіден бері дүкен аумағын дәрілеп жатқанын айтады. Бірақ одан әзірге еш нәтиже көрмеген. Үй ауласынан бастап, бау-бақшаны түгел шарлаған зиянкес күн санап көбейіп жатыр.

– Үші күннен бері құрт қаптап кетті. Уладым, бірақ жан-жақтан келіп жатыр. Сондықтан халыққа, көмек керек. Өз аймағымды улағанмен, жан-жақтағы шөптен келіп жатыр, – деді қала тұрғыны Сәбира Аманбаева.

Ал Фитосанитарлық диагностика және әдістемелік орталығының мамандары залалсыздандыру жұмыстарын жүргізе алмайтынын айтты. Өйткені жусан жемірі шегіртке сияқты қауіпті зиянкес қатарына кірмеген.

– Тек жусан шөбіне ғана зиян келтіріп жатыр. Адамға зияны жоқ.  Сондықтан ешқандай қаражат үкіметтен бөлінбегендіктен, жергілікті әкімшілік қарастырады. Ал жеке үйге кіргенді үй иесі өз күшімен жою керек, – деді республикалық Фитосанитарлық диагностика және әдістемелік орталығының филиал басшысы Дәулет Қилыбаев.

«Зиянкесті жоюға күшіміз жетпей жатыр» деп қалың қараша дабыл қақты. Олар ауласынн дәрілегенімен, құрт көшеден қайта келіп жатыр. Бүкіл ауылды залалсыздандыруға қажетті құрылғы да жоқтың қасы. Ал улау жұмысымен айналысатын арнайы компаниялардың бағасы аспандап кеткен. Амалы таусылған азаматтар тым құрығанда «Жауапты мекеме зерттеу жүргізіп, рапс жапырағы құртын қауіпті зиянкескер қатарына қосқанын қалайды.

Меруерт Әбітаева, Мирас Анитов, «Алматы» телеарнасы, Жетісу облысынан

Оқи отырыңыз: Өркениеттен жұрдай: баспанасында суы жоқ тұрғындар пәтер жалдауға мәжбүр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир