|
10.03.2021 | 19:45
10656

«Ashyq» мобильді қосымшасы мониторинг топтардың жұмысын алмастыруы мүмкін

Бүгінде қалада 33 нысан қосымшаның көмегімен жұмысын жандандырған

«Ashyq» мобильді қосымшасы мониторинг топтардың жұмысын алмастыруы мүмкін stan.kz

«Ashyq» мобильді қосымшасы алдағы уақытта мобильдік топтардың жұмысын алмастыруы мүмкін. Нұр-Сұлтандағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, аталған жүйеге қосылуға ниет танытып отырған бизнес өкілдері көбейген. Бүгінде қалада 33 нысан қосымшаның көмегімен жұмысын жандандырған. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Асылбек Тойбектің бейнематериалында.

Бұған дейін жұмысына шектеу қойылған боулинг, сауна, бассейндер, компьютерлік клубтар секілді нысандар «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдаланып, қызмет көрсете бастады. Жүйе арқылы ғимаратқа келетін адамдардың саны мен жұмыс уақытын бақылау оңай. Әрине, қосымшаны орнатудағы басты талап – карантиндік шараның сақталуын қадағалау.

«Кәсіпкерлердің көбісі бұл қосымша арқылы өзінің жұмыс уақытын ұзартып жатыр. Және де демалыс күндері бұрында мысалы, қызыл түсті аймаққа сәйкес демалыс күндері жұмыс істеу рұқсат етілмеген болса, қазір жұмыс істеу рұқсат етіліп жатыр. Бұл қосымшаны кафе, мейрамханаларымыз күтіп отыр», – деді  қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш.

«Ashyq» мобильді қосымшасы Нұр-Сұлтан қаласында 33 бизнес нысанында бар. Дәл қазір біз тұрған боулинг орталығының әкімшілігі де өзіміздің статусымызды тексеріп барып ішке кіруді өтінді. Бұл бір жағынан өзіміздің денсаулығымыз үшін, екіншіден, мұндағы қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігі үшін статусымызды тексеріп көрсек, міне, өздеріңіз көріп тұрғандай менде көк түс шықты. Демек, мен дерттен дін аманмын, ешқандай қауіп төндірмеймін деген сөз.

Пандемия кезінде жұмысы тұралап қалған кәсіпкерлер де мобильді қосымшаның пайда болғанына дән риза. Тұрғындарға оған тіксіне қараудың қажеті жоқ дейді. Себебі жүйе бар болғаны азаматтың коронавируспен ауырғаны туралы ғана ақпарат береді. Жеке мәліметтері ешқайда тарамайды. Қосымшаны қолдану да еш қиындық тудырмайды. Тек телефонға жүктеп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет. Ғимаратқа кірерде кәсіп иесіне берілген QR-кодты сканерлеп, шығарда осы қадамды қайталау керек.

«Ashyq» мобильді қосымшасының арқасында жұмысымыз қайта жанданды. Келетін қонақтар міндетті түрде осы қосымша арқылы мәртебесін анықтап барып ішке енеді. Қызыл және сары түс шықса онда ғимарат ішіне кіргізбейміз. Жасыл және көк түс жүріп тұруыңызға шектеу жоқ деген сөз. Ал, егер келуші қонақтарда қосымшаны жүктеп алу мүмкіндігі болмаса, онда біз өзіміздің жұмыс телефонымыз арқылы келушінің ЖСН номерін енгізіп мәртебесін тексереміз», – деді боулинг орталығының өкілі Айсұлу Мақаева.

Әзірге жоба пилоттық режимде 3 мегаполисте сынақтан өтуде. Егер ақау болмай, өз тиімділігін көрсетіп жатса, онда еліміздегі мыңға жуық мобильді топтың жұмысы жеңілдейді.  Көпшілік орындарда вирустың таралуына тосқауыл қойылады.

Асылбек Тойбек

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир